Самат Исламұлы Ордабаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақалаҮлгі:Мемлекеттік қайраткер Самат Исламұлы Ордабаев (13 қаңтар 1958, Гвардия ауданы, Талдықорған облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат. Украина (2016—2020)<ref>https://online.zakon.kz/document/?doc_id=32471886#sub_id=0</ref> мен Молдовадағы (2017—2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>https://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/ukazom-glavy-gosudarstva-ordabaev-samat-islamovich-osvobozhden-ot-dolzhnosti-chrezvychainogo-i-polnomochnogo-posla-respubliki-kazahstan-v-uk</ref> елші. I дәрежелі кеңесші және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

1980 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын тәмамдады.

1981—1983 жылдары Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын оқыды.

1989 жылы Ленинградта ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1983—1990 жылдары ғылыми жұмыстармен айналысты.

1990—1992 жылдары ҚазКСР Мемлекеттік экономикалық комитетінде Қазақ ғылыми-техникалық және нарықтық-коммерциялық ақпарат ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1992—1993 — Қазақстан Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми хатшысы.

1993—1995 — Қазақстан Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі департаменті басшысының орынбасары.

1995—1998 — Қазақстан ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім басшысы.

1998—2000 — Қазақстан сыртқы істер министрлігінің екінші және бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2000—2003 — Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің кеңесшісі.

2003—2004 — ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары және Қазақстан сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің директоры.

2004—2006 — атқару комитеті төрағасының орынбасары – ТМД атқарушы хатшысы.

2006—2013 — Қазақстанның Ресей елшілігіндегі кеңесші-елшісі.

2013—2016 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары.<ref>https://kaztag.kz/ru/news/samat-ordabaev-naznachen-zamestitelem-ministra-inostrannykh-del-kazakhstana</ref><ref>https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31330394#sub_id=0</ref>

2016—2020 — Қазақстанның Украинадағы елшісі.

2017—2020 — Қазақстанның Молдовадағы елшісі.

Марапаттары

Дереккөздер