Самар қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Самар қалашығы (хант. Тунг-пох-вош, Самар-вош, орыс. городок Самар) — Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Түмен облысы, Ханты-Мансийск қаласының аумағында орналасқан.

Тарихы

Сурет:Остяктардың Ермак отрядымен Самар қалашығының түбіндегі шайқасы.jpg
Остяктардың Ермак отрядымен Самар қалашығының түбіндегі шайқасы (Кунгур жылнамасы)

Қалашықтың атауы остяк бегі Самармен байланысты. С.У. Ремезовтың жылманасындағы ақпаратқа сәйкес казак атаманы Ермактың отряды Самар қалашығын 1582 жылдың мамыр айында жаулап алды. Тиімді орналасуына байланысты орыс патшасының бұйрығымен 1637 жылы пошта станциясы пайда болды. Жаңа пошта станциясы болашақ Самарово ауылының құрылуына алып келді. Қалашыққа 1740 жылы барып қайтқан Г.Ф. Миллер оның орналасуы туралы қысқаша сипаттама қалдырған. Оның мәліметтері бойынша қалашық остяк бегі Самардың ордасы қызметін атқарды. Миллер аталған остяк бекінісінің қалдықтарын бақылаған. Бекініс, шамамен, 65-85 м биіктікте орналасқан. Таудың шыңына жету біршама қиындық тудыратын. Таудың шыңында өлшемі 21 м-ден аспайтын кішігірім алаңша шабуылдар кезінде тек жергілікті ақсүйектерге ғана қауіпсіздік қамтамасыз ететін. Остяктар бұл жерді «Samar wasch» деп атайды. 1888 жылы қалашыққа С.К. Патканов барып қайтты. Археологиялық ескерткіштің қалдықтары Ханты-Мансийск қаласының аумағындағы «Самаровский Чугас» табиғи паркінің солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан.

Әдебиет

  • Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
  • Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2