Самарқан салаубасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Самарқан салаубасы (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын Қазақстандық үш түрдің тау етегінен бастап, ортаңғы тау белдеуіне дейінгі Батыс Тянь-Шань жоталарына таралғандардың бірі. Құрғақ ұсақ, қиыршық тасты беткейлерде, далалы және бұталы бірлестіктерде, сондай-ақ аршалы сирек ормандарда кездеседі. Шөптесін көп жылдық. Ағаштанған шашақ басты тамырымен, тамырдан бірнеше гүлдейтін және ұрпақ бермейтін өркендер бастау алады. Жапырақтар мен сабақтарды шатасқан өрмекшінің торындай түк басқан. Осыдан бүкіл өсімдік күміс түстен тұрады. Ұрпақсыз түбіртектің жапырағы ұзын сағақты. Таспа қалақшалы бас жағы шеңберленген. Сабақтағы жапырағы таспа тәрізді отырыңқы. Түбінде үшбұрышты ойығымен. Сабақтары қатайған, биіктігі 75 см, күрделі қалқан тәрізді гүлшоғырымен безендірілген. Себеттері басқа түрлердікіне қарағанда ірілеу, диаметрі 1см, жапырақшалар орамдары ашық-сары түсті, көп санды, 5 қатарға орналасқан, бір-біріне қатпарлана қабаттасқан. Гүлдеп болған соң тостағанша тәрізді орам болып жазылады. Гүлдері түтікті, ұшында 5 тісшесі бар, ашық сары түсті, гүлдеу мерзімі маусым-тамыз, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Тұқымдары ұсақ, сопақ пішінді, көптеген жәй түтіктерден тұратын айдармен қамтылған. Гүл себеттерінің құрамында ащы иілік заттар, бояғыш заттар және эфир майы болады. Олар өт ауырғанда жақсы көмектесетін болғандықтан, ғылыми және халықтық медицинада бауыр ауруын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Ал халық арасында сары бояу алу үшін және киімді қара күйеден қорғау зат ретінде қолданылады. Құрғақ гүл шоқтарын жасауда пайдалы. Ерекше сәндік өсімдік, құрғақ және кептірілген күйінде де түсін, сәндік сапасын сақтап қалады. Сондықтан да халық “бессмертник” – “мәңгілік” деп атайды. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>