Самарқан мемлекеттік университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Самарқан мемлекеттік университеті - гылыми және педагог кадрларын даярлайтын жоғары оқу орны.

Тарихы

1927 ж. Өзбек педагогикалық институты болып ашылған.

1930 ж. мемлекеттік атағына еге болды.

1933 ж. мемлекеттік педагогикалық интитутының негізінде мемлекеттік университет құрылған.

1941 ж. университетке Әлішер Науаи аты берілді.

1961 ж. Самарқан мемлекеттік университетіне атауын ауыстырды.

Университет түлектерінің ішінде ғылым, әдебиет пен өнер, мемлекеттік қайраткерлері бар. Университет құрамында 10 факультет бар, 63 кафедра, 3 проблемалық лаборатория, есептеу орталығы, 2 мұражай, ботаникалық бақ, ірі кітапхана бар. Университетте түрлі ғылымдар саласынан маңызды зерттеулер жүргізілуде.

Факультеттер

  • Филология факультеті;
  • Тарих және философия факультеті;
  • Педагогика факультеті;
  • Физика-математика факультеті;
  • Жаратылысытану ғылымдары факультеті;
  • Экономика факультеті;
  • Тәжік филология факультеті;
  • Құқық факультеті;
  • Дене мәдениеті факультеті;
  • Сырттай оқу факультеті.

2011 жылдан университет ректоры - физика-математика ғылымдардың докторы Ташкенбаев Ұлықбек Негматович.

Түлектері

  • Абдулло Ғани — тәжік ақыны және драматург (1932)
  • Әлішер Жорақұлович Хаджаев - Өзбекстан Ұлттық телерадио компаниясының төрағасы.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтеме

http://www.samdu.uz/