Самарқан бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Nura District Kazakhstan.png
Нұра ауданы (Қарағанды облысы)

Самарқан бөгені (Теміртау бөгені, Нұра бөгені) — Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Шарасының ауданы 84 км2, ұзындығы 20 км, ені 7 км, орташа тереңд. 3,25 м (ең терең жері 17 м), суының мөлш. 260 млн. м3. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы (ені 200 — 300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс — Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7 — 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Самарқан бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}