Самалхан Ақмырзаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ақмырзаев Самалхан Ақмырзаұлы (1933 ж. Форт-Шевченко қаласында туылған) – тарихшы-ғалым, тарих ғылымы кандидаты (1968).

Өмірбаяны

1951 жылы Форт-Шевченко қаласындағы қазақ орта мектебін, 1956 жылы ҚазМУ-дағы (қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетін бітіреді.

1956 – 1961 ж. Форт-Шевченко қаласындағы орта мектептерде тарих пәнінің оқытушысы, мектеп директоры болып істейді. 1961 – 1964 ж. ҚазМУ-да аспирант, 1964 – 1984 ж. Қазақ А.ш. институтында әлеуметтік-саяси пәндерден сабақ беріп, оқытушы қызметтерін атқарды.

1984 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) әлеуметтану пәнінің аға оқытушысы болды.

Еңбектері

Ғылыми-зерттеу еңбектері мен 50-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған.

Марапаттары

1968 ж. "Батыс Қазақстан еңбекшілерінің ауыл шаруашылығын өркендетудегі еңбегі" деген тақырыпта диссертация қорғап, тарих ғылымының кандидаты дәрежесін алады.

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub