Сама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сама .

  1. «Тыңдау, есту қабілеті». Хадис пен бірқатар шығармаларды жеткізу әдістерінің бірін білдіретін хадистану және араб мұсылман кітап мәдениетінің техникалық атауы. Сама былайша атқарылады; мұхаддис өзінің тікелей жол басшысы мен уағыз таратушыларға сүйене отырып, хадис сөздерін жатқа айтады, болмаса оқып шығады, шәкірт хадисті мұқият тыңдап есіңде сақтайды да сөзбе-сөз дауыстап қайталап шығады, оның материалды дұрыс меңгергеніне көз жеткізген мұхаддис шәкіртіне оны балаларға үйретуге рұқсат береді. Жаңа хадисті игеру кезінде бәрі де қайтадан басталады, шәкірті оның сөздерін жазып алуына да болады. Шығарма Сама әдісі арқылы бөлімдер бойынша оқытылады. Сама хадисті таратудың ең қолайлы әдісі болып есептелінеді, сондықтан да әдебиетте оған жасалған сілтеме өте көп кездеседі.
  2. (түрік, сема) «тыңдау», «әндету» «рақаттана тыңдау». Сопылық ілімде - мистикалық өлеңдерді әндетіп айтып, бірлесіп зікір салу. Сама мистиктер тәжірибесінде IX ғ-да сопылық «әңгімелер» - жиналыстар (мәжілістер) көзінде өлең айту ретінде енді де, кейін әнге би мен секіру қимылдары қосылды. Сама тәжірибесі қатты наразылық тудырыл, көптеген «діндар» ғұламалар тарапынан айыптауға тұрарлық өткір сынға ұшырады. Самаға арналған барлық әдебиетте дерлік; «Саманы сопылықтың діни-мистикалық рәсіміне енгізу заңды ма, заңсыз ба» деген сұрақ талқылайды. Бұл мәселе жөнінде соттарды ң өз арасында - оны тікелей іске асырып жүргендердің де, сондай-ак бұл дәстүрді теріске шығарушылар ішінде де бірауыздылық болған жоқ. Әл-Худжвири мен Ахмед әл-Ғазали сияқты беделді кісілер Саманы қорғады. Деректемелерге қарағанда Самаға белгілі бір мінажатхана мүшелері немесе бір бауырластықтағылар ғана емес, оған сопы емес жергілікті тұрғындар да белсене қатысқан. Музыкада ойнаушылар мен әншілер көбінесе қарапайым адамдар болған, оларды сырттан шақырып немесе жал дап отырған. Кейін (XVII ғ-дың соңы XVII ғ-дың басында) Сама, негізінен, өзінің діни мәнін жойып, әбден машықтанып жаттыққанжәне ұқыпты ұйымдастырылған көрініске айналды. Қарапайым адамдар Саманы бауырластықтың негізін салушы-қамқоршы жіберген Тәңірі рақымына ортақтасу дептаныды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub