Салық кодексі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Салық кодексі<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> — мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық төлеушілермен салықтық қатынастарын реттейтін, мемлекеттің жоғарғы билігі деңгейінде қабылданған заңнамалық нормалардың негізгі жиынтығы. Салық заңнамасының іргелі қағидаттарын: салық жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуін, салықтарды белгілеу, өзгерту және күшін жою тәртібін, салық төлеушілердің, салық міндеттемелерінің орындалуын, салық қатынастарының басқа агенттерін бақылауды жүзеге асыратын органдардың мәртебесін, салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті айқындайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы) (2001) салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Ол салық жөніндегі қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен бірге салық заңдарының құрамына кіреді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салық кодексі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}