Салт етістік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Салт етістік<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.<ref>Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А., 1993;</ref> Зерттеушілер мұндай қосымшаларды сөзжасам қосымшалары дейді, ал салт және сабақтылық белгіні етістіктің полисемдік немесе омонимдік сипатын ажырататын шарт ретінде ұсынады. Яғни бірдей айтылатын етістіктер әр уақытта тек салт не тек сабақты мәнде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним ретінде танылады.<ref>Исаев С., Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1998.</ref> Салт және сабақтылық қасиет түбір етістікке ғана емес, туынды, күрделі етістіктерге де тән.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салт етістік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}