Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Айтбаев.jpg
Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев (15 ақпан 1938, Қызылорда – 29 қыркүйек 1994, Алматы) – кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).

Шығармашылығы

1966 жылы Мәскеуде Манежде жас суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі ашылып, оған қазақ суретшілері де қатысты. Ол Қазақстандағы заманауи өнердің қалыптасуының негізгі бастау нүктесі болды. Қазақ суретшісі, график, алпысыншы жылдардағы суретшілер тобының сөзсіз жетекшісі Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт» картинасы қазақ шығармашылығының нағыз жаңалығы мен жарқын үлгісі болды.

Айтбаевтың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан шығыс миниатюрасының әсері байқалады. Ұлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан:

  • «Шопандар демалысы» (1962)
  • «Бақыт» (1966)
  • «Жас қазақтар» (1968)
  • «Қонақ келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді.
  • «Ә.Әлімжанов» (1970)
  • «Ана» (1973)
  • «Әке»
  • «Шопан» (екеуі де 1974)
  • «Абай» (1994) портреттерін салды.

Марапаттары

  • 1966 ж. оған «Менің Отаным» атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Республикасының Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

Айтбаевтың кескіндемелік және график. туындылары ҚР-ның Мемлекет бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясына (2018) және бір көшеге есімі берілді.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Салихитдин Айтбаев туындылары