Сай-Өтес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Өтес, Сайөтес, Өтес сайыМаңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы ауыл, Өтес ауылдық округінің орталығы.

Географиясы

Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде, Батыс Жаркемер үстіртінің шетіне таяу орналасқан.

Өтес – Солтүстік Үстірт шатқалының Қайдақ шығанағына қарап жатқан сай басы. Сайда бірнеше тұщы сулы құдық бар. Құдықтың оңтүстік бетіндегі қыр үстіндегі мола да Өтес атымен аталады.

Халқы

Тұрғыны:

Тарихы

1964 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолының салынуына байланысты Өтес кенті құрылды. Ол біраз жылға дейін Үстірттегі геофизикалық барлаушылардың, құрылысшылардың базалық орталығы болып тұрды.

Қазіргі жағдайы

Қазір Сайөтесте мұнай айдау стансасы және темір жол мен автомобиль жолы тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері