Сайқымазақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайқымазақ - ескілікті жәрмеңке мен балаған ойын-сауықтарындағы күлдіргі кейіпкер. Ол литургиялық драмалар мен миракльдер (негізінен, күлкілі интермедияларда) және шіркеу мен мектеп театры ойын-сауықтарының қатысушысы ретінде бой көрсетті. Әсіресе 16-18 ғасырлардағы драматургияда (Англия, Франция, т.б.) кең етек алды. Сайқымазақтың негізгі атқарар қызметі жоғары тап өкілдері секілді пьеса кейіпкерлерінің көңілін аулап, күлдіріп отыру болып табылады. Сайқымазақ рольдерін орындаушылардың киімі ашық түсті, алабажақ матадан тігіп, оған қоңырау мен әртүрлі сылдырмақтар тағатын болған. Сайқымазақты кейіпкер ретінде У.Шекспир (тарихи шежірелерінде), сондай-ақ, П.Кальдерон, т.б. драматургтер өз шығармаларына енгізіп отырды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}