Сайыпназар Ахун Өтепұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайыпназар Ахун Өтепұлы (1810, Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 1873, сонда) – діни қайраткер. Ауыл молдасынан дәріс алып, кейіннен Бұхарадағы Көкілташ медресесін, Стамбұл, Мысыр қалаларындағы ірі діни оқу орындарын бітірген. Сыр елінде көптеген мешіттердің салынуына басшылық жасаған. Қалғандарияда 300 балалық медресе ашып, бала оқытқан. Сайыпназар Ахун түрік, араб, парсы, тәжік тілдерін жетік білген. Көптеген шығыс халықтарының ертегі-қиссаларының ізімен өлең жазған. Мұхаммед-Ханафия, Абу-Арис, Абу-Сина, шығармаларын, Қияметқайым дастандарын қазақ тіліне аударған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайыпназар Ахун Өтепұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}