Сайымжан Еркебаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Сайымжан Еркебаев - 1935 жылы 30 тайызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданына қарасты Қурайлысай ауылында туған.
- 1960 жылы Алматы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Біраз уақыт Доссор кәсіпшілігіндегі мектеп-интернат пен Тайпақ ауданының Талап мектебінде неміс тілінен сабақ берген.
- 1967 — 1971 жылдары Қазақ радиосының әдебиет редакциясында редактор және бөлім меңгерушісі,
- 1971 — 1974 жылдары Өзен геологиялық-барлау экспедициясында жұмысшы,
- 1974 — 1977 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлық коллегия редакторы,
- 1977 — 1980 жылдары республикалық кітап саудасы бірлестігінің жарнама және насихат бөлімінде редактор. «Жұлдыз» журналында, «Кітап жартысында», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Парасат» журналында істеді.
М.Е.Салтыков-Щедриннің «Бір мұжық екі генералды қалай асырады» ертегілерін, Отто Шнайдерайттың «Иоганн Штраус және көрікті көгілдір Дунайдағы қала» деректі повесін, тағы басқа туындылар ды қазақ тіліне аударған.
Шығармалары
- Алғашқы адым. Повесть. А., «Жазушы», 1967;
- Жолдар мен шақырымдар. Роман. А.,»Жалын», 1976;
- Жарылған бүр. Повестер. А., «Жалын», 1979;
- Ауыл кештері. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1981;
- Менің Қожанәсірім келді де... Әзіл, оспақ. А., «Жазушы», 1983;
- Жел әгінде. Шығармалары. А., «Жазушы», 1993<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>