Сайымбөлекова Ұлтуар Мұқанқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайымбөлекова Ұлтуар Мұқанқызы1942 жылы 3 мамырда Алматы облысы Шелек ауданына қарасты Киікбай ауылында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. 1972 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын биолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, "Мектеп" баспасында корректор, химия-биология редакциясында редактор, жетекші редактор, меңгеруші болып ұзак жылдар қызмет етті. Ұ.Сайымбөлекова жалпы білім беретін мектептерге арналған химия, биология оқулықтары мен оқу құралдарының редакторы бола жүріп, аударма жұмыстарымен де шұғылданды. Баспа саласындағы ұзақ жылдарғы табысты еңбегі лайықты бағаланып, бірнеше рет мақтау грамоталарымен, "Еңбек ардагері" медалімен (1989), "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі" белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}