Сайран Ахметжанұлы Фазылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайран Ахметжанұлы Фазылов - 1948 жылы 6 желтоқсанда Қостанай облысы Затобол ауданының Алыскөл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Фазылов Ахметжан, марқұм, мұғалім болған. Анасы - Фазылова Бәтима, марқұм, мұғалім болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1972), сәулетші. Экономика ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан экономикасында қала салу тораптарын қалыптастыру». ҚазБСҚА (1998 жылдан), Халықаралық Сәулет академиясының (Мәскеу қаласы, 2003 жылдан) профессоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (2001 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1972 жылдан - Алматы қаласындағы Абаттандыру басқармасында сәулетші, аға сәулетші, ӨМК жетекшісі.
  • 1978 жылдан - Алматы қаласының Бас сәулетшісінің орынбасары.
  • 1985 жылдан - Алматы облысының Бас сәулетшісі.
  • 2002 жылдан - Алматы қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің сәулеттік-құрылыстық бақылау және

лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы.

  • 2004 жылдан - «Қуат» корпорациясының бас сәулетшісі, «Қуат-жоба» институтының директоры.
  • 2006 жылдан - «Arkaz engineering» ЖШС директоры.
  • 2008 жылдан бері - Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқармасының бастығы, бас сәулетшісі. Қазақстан Дизайнерлер одағының вице-президенті, Қазақстан қала салушылар одағының вице-президенті. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (1989) сыйлығының, Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың Южылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1986) марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері (1998). ҚР Құрметті сәулетшісі (2004).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы аса үлкен».
Хоббиі - фотохроника.
Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Фазылова Мадина Әбжәлиқызы, зейнеткер, мұғалім болған. Ұлы - Фазылов Санжар Сайранұлы, сазгер, көптеген байқаулар лауреаты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub