Сайлау Хамитұлы Дүкенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайлау Хамитұлы Дүкенбаев (3.12.1937 жылы, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Қызылкоғам ауылы) - әдебиет зерттеуші, педагог. Қарағанды педагокилық институтын бітірген (1961). 1961 - 1964 жылы мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі. 1964 - 1975 жылы Павлодар облыстық мұғалімдер бөлімін жетілдіру интернатында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі. 1975 -1988 жылы Қазақстан Оқу министрлігінің қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі инспекторы қызметін атқарады. 1988 - 1993 жылы өзі негізін салған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатының директоры. Сайлау Хамитұлы Дүкенбаев қазақ әдебиетін оқыту мен оның методикасы, теориясы туралы көптеген оқу құралдарының, ғыл. мақалалардың авторы. "Әдебиет теориясынан алғашқы адымдар" (1981), "Мектепте драмалық шығармаларды оқыту" (1985), "С.Сейфуллин творчествосы бойынша жазба жұмыстар ұйымдастыру" (1975) және т.б. көптеген еңбектері мен әдістемелік құралдары, оқушыларға арналған орысша-қазақша сөздіктері көпшілікке белгілі. Сайлау Хамитұлы Дүкенбаев сондай-ақ қазақ орта мектептерінің 7 сыныбына арналған араб тілі оқулығының қосалқы авторы. Сайлау Хамитұлы Дүкенбаев бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}