Садық Әлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Санатсыз мақала Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Тұлға

Садық Әлиев (29 қаңтар 1940, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы) — партия қызметкері, еңбек ардагері.

1961 жылы Ташкент авиация техникумын, 1974 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1961 жылы Қызылорда қаласындағы «Автотрактородеталь» зауытында фрезерші болып бастады. 1962–1967 жылдары Жалағаш ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінде оқу шебері, оқытушы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1967–1973 жылдары аудандық комсомол комитетінің екінші, кейін бірінші хатшысы болды.

1973–1974 жылдары «Аққыр» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1974–1976 жылдары «Казсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы қызметтерін атқарды. 1976–1985 жылдары «Таң» кеңшарының директоры болды.

1985–1992 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, «Агроөнеркәсіп» бірлестігінің төрағасы, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1992–2002 жылдары аудан әкімінің бірінші орынбасары болды.

2002–2004 жылдары «Қазақстан күріші» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметін атқарды. 2004–2022 жылдары аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, 2009 жылдан бастап аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.[1][2]

«Құрмет» орденімен (2023), сондай-ақ бірнеше медальмен марапатталған. 2009 жылы Жалағаш ауданының құрметті азаматы атағы берілген.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер