Сабыр Шеркешбайұлы Адай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Үлгі:Жазушы

Сабыр Шеркешбайұлы Адай (30 қыркүйек 1960, Шоманай ауданы, Қарақалпақстан) — қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (2006). Президент сыйлығының иегері (2006). Құрмет орденінің иегері (2017). Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (2021)<ref>http://7292info.kz/ Үлгі:Webarchive</ref>.

Толығырақ

Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

  • Сабыр Шеркешбайұлы Адай 1960 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстан Шоманай ауданында дүниеге келген.
  • Алматы эстрада, цирк өнер студиясының күй класын бітірген (1981). Орал педагогикалық институтында оқыған.
  • 1981 – 1984 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінінің көркемдік жетекшісі.
  • 1984 – 1990 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры.
  • 1989 – 1993 жылдары аралығында өткен республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Ақтауда Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Байғанинде Асау-Барақтың, Оралда Сырым батырдың, Шымкентте Үш би (Ордабасы), Көкшетауда Абылай ханның тойларында және Орта Азия – Қазақстан ақындарының айтысында жүлделі орындарға ие болған.
  • 1991 – 1996 жылдары аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 1997 – 1999 жылдары Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықта шығармашылық бөлімінің бастығы.
  • 1999 – 2002 жылдары облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2001 - 2006 аралығында Республикалыық "Үш қиян" газетінде қызмет атқарды.
  • 2005 - 2011 "Адай" қорының президенті. "Otpan - Отпан" газетінің құрылтайшысы.
  • 2004 жылы "Адай Ата - Отпан тау" этно-мәдени орталығын салу идеясының авторы және ұйымдастырушысы.

Шығармашылығы

  • "Таңғы нөсер" (1990) атты өлеңдер жинағы.
  • "Кетемін көкке жұлдыз боп" (1996) атты өлеңдер жинағы.
  • "Жұмбақ түннің жылуы" (1999) атты өлеңдер жинағы.
  • "Әр қазақ – менің жалғызым" (2002) атты өлеңдер жинағы.
  • “Адай Ата” кітабы (2005-2007) ж.ж
  • "Қазақстан - Жалғыз Ұлы Қазақтың" (2010) атты өлеңдер жинағы.
  • "Серттесу" (Таңдамалы) (2011) атты өлеңдер жинағы.
  • "Қарапайым қағидалар" (2013)
  • "Алтынзер" Үлгі:Webarchive (Ұлт пен Ұл) - (2016) атты өлеңдер жинағы.
  • "Керуен көшеді..."(Адай ата - Отпан тау” этномәдени орталығы және деректер мен қағидалар) (2019)
  • "Нәзира" (2020) атты өлеңдер жинағы.
  • "Уыз ана" (2021) атты өлеңдер жинағы және сахналық қойылым.
  • "Ер Жалау" (2022) атты жыр жинағы.
  • "Мырзалы Хан" (2023) атты жыр жинағы. Алматы қаласы.
  • "Әр қазақ – менің жалғызым" (Таңдамалы) (2023) атты өлеңдер жинағы.
  • "Алаштың Әлімханы" (2024) атты жыр жинағы. Алматы қаласы.

Марапаттары

  • 1987 — Бүкілодақтық халық шығармалық фестивалінің лауреаты
  • 2003 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
  • Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби шығармашылық байқауының жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты
  • 2003 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
  • Президент сыйлығының иегері (2006).
  • Бейнеу (2005), Маңғыстау (2007), Мұнайлы (2017), Түпқараған (2017) аудандарының және Ақтау (2020), Жаңаөзен (2021) қалаларының «Құрметті азаматы» мәртебесімен марапатталған.
  • 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.
  • Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (2021)
  • Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар жане инжиниринг университетінің Құрметті Профессоры.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:

  • 2008 — "Астанаға 10 жыл" медалі
  • «Қосай» Атаның 500 жылдық медалі (05.05.2010)
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалі (10.11.2011)
  • Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін (2013 жыл)
  • ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі (29.11.2016)
  • "Қашаған ақын" атындағы естелік медалімен марапатталады.
  • «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалі
  • «Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне сіңірген авторлық еңбегі үшін «Адай-Ата» төс белгісі
  • «Төлеген Айбергеновке 80 жыл» естелік медалі
  • Асау-Барақ 250-270 жылдығына медалі
  • Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін (қазан, 2018 жыл)
  • "Қалнияз жырау" атаның естелік медалімен марапатталады(2019 жыл).
  • Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мемлекеттік тілді насихаттау мен оны өмірге ендірудегі қайраткерлігі үшін "Ана тілі" айрықша белгісімен марапатталды (2020).
  • Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін “Қазақстанның құрметті жазушысы” атағы берілді (2026)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер