Сабыр Адай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сабыр Шеркешбайұлы Адай (30.09.1960 жыл Қарақалпақстан, Шоманай ауданы) – ақын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).
Өмірбаяны
- Алматы цирк өнер студиясының күй класын (1981), Орал педагогикалық институтын бітірген.
- 1981 – 1984 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінінің көркемдік жетекшісі.
- 1984 – 1990 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры.
- 1991 – 1996 жылдары аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 1997 – 1999 жылдары Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықта шығармашылық бөлімінің бастығы.
- 1999 – 2002 жылдары облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, республикалық «Үш қиян» газетінде қызмет атқарды.
- 2003 – 2006 жылдары өткен республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Ақтауда Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Байғанинде Асау-Барақтың, Оралда Сырым батырдың, Шымкентте Үш би (Ордабасы), Көкшетауда Абылай ханның тойларында және Орта Азия – Қазақстан ақындарының айтысында жүлделі орындарға ие болған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том</ref>
Шығармашылығы
- "Таңғы нөсер" атты өлеңдер жинағының авторы
- "Кетемін көкке жұлдыз боп" атты өлеңдер жинағының авторы
- "Жұмбақ түннің жылуы" атты өлеңдер жинағының авторы
- "Әр қазақ – менің жалғызым" (2002) атты өлеңдер жинағының авторы.
- "Қазақстан - Жалғыз Ұлы Қазақтың" атты өлеңдер жинағының авторы
- "Серттесу (Таңдамалы) атты өлеңдер жинағының авторы
- "Алтынзер" (Ұлт пен Ұл) - (2016) атты өлеңдер жинағының авторы
- Бүкілодақтық халық шығармалық фестивалінің лауреаты (1987).
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2003).
- Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы елу ақыны шығармаларының алтын қорына енгізілді (2001).
- Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби шығармашылық байқауының жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша (Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты).
- Президент сыйлығының иегері (2006).
- Бейнеу ауданының (2005) және Маңғыстау ауданының (2007) құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}