Сабынкөк

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Сабынкөк (Үлгі:Lang-la) – сабынкөктер тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта, жартылай бұта түрлері де кездеседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 15 түрі бар. Соның ішінде көп тараған түрі — буылтық сабынкөк (Scrophularіa nodosa), ылғалы мол орманда, бұта арасында, кейде егістікте арамшөп ретінде кездеседі. Биіктігі 120 см, сабағы төрт қырлы, жапырақтары созылыңқы, шеті ара тісті тілімделіп келген. Ұсақ гүлдері қоңыр-жасыл түсті, масақ гүлшоғырына топталған. Жемісі — қосұялы қорапша. Буылтық сабынкөктің құрамында сапонин мен алкалоидтар бар. Сабынкөктер балды, дәрілік және әсемдік өсімдіктер, араларында улы түрлері де кездеседі. Сиыр мен қой жемейді. 2 түрі: жоңғар сабынкөгі (Scrophularіa dshungarіa) және нұрания сабынкөгі (Scrophularіa nuranіa) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub