Саба (арал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет Саба (Үлгі:Lang-nl) - Кіші Антил аралдары архипелагінің құрамына кіретін Кариб теңізіндегі арал. Нидерландтың тәуелді аймағы.

Географиясы

Арал Синт-Мартен аралының оңтүстік-батыс жағынан 45 км қашықтықта, Синт-Эстатиус аралының батыс жағынан 32 км қашықтықта орналасқан. Аумағы - 13 км².

Негізінде арал су астындағы Маунт-Сценери жанартауының төбесі болып табылады. Биіктігі - 890 м. Аралдың батыс жағы жылы бойы желдің өтінде болады. Сол себепті табиғаты селдір, фаунасы кедей болып келеді. Аралдың бұл жағында кактустар мен құрғап қалған бұталар сирек кездеседі. Керсінше аралдың шығыс жағы қарама-қарсы контраст көрсетеді: тау етектерінде қалың ормандарда алуан түрлі қырыққұлақтар, пальмалар, қызыл талдар, олеандр, гибискус және орхидеялар өседі. Орманды 60-таң астам құстар түрлері, бірнеше түр кесіртке мен бақалар паналайды.

Халқы

Аралдың тұрғын саны - 1991 адам (2013)<ref>Citypopulation — Оценка населения (2013)</ref><ref>Centraal Bureau voor de Statistiek — Оценка населения</ref>. Ірі қалалары - Боттом (әкімшілік орталығы) және Уиндвардсайд (ең ірі қала), ресми тілі - Нидерланд тілі, ағылшын тілі де кең тараған.

Экономикасы

Табыстың негізгі көзі - туризм (аралға жылына 25 мың турист келеді).

Галерея

Дереккөздер

<references/>