Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан
Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан – экономика ғылымдарының докторы (1997). 1961 жылы 12 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жоламан Қабидолла Досмағанбетұлы (1926-2008). Анасы - Жоламан Зүбәйда Қыбырқызы (1931 ж. т.), зейнеткер. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің философия және экономика факультетін (1983) экономист мамандығы бойынша; ҚазКСР Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген.
Қысқаша өмірбаяны
Үлгі:Infobox Biography
1983 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
1983–84 Жамбыл технология институтында оқытушы;
1984–91 Қазақстан Ғылым Академиясының Стратегиялық және болжау секторында стажер, аспирант, кіші ғыл. қызметкер;
1991–92 Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институтында ғылыми хатшы;
1992–94 ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтында жауапты координатор, бөлім меңгерушісі;
1994–97 «Повышение конкурентоспособности национальной экономики в переходный период» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстан даму институтының бірінші вице-президенті қызметін атқарды.
1997 жылдан осы институттың президенті. Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан 38 ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify