Рябинин Андрей
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Рябинин Андрей - тарихшы, Ресей Бас штабының корнеті.
Өмірбаяны
- 1860 жылы Орал қаласында әскери архивте жұмыс істеген.
- 1863 жылы өз басшыларынан Орал архивіңдегі құнды материалдарды жазып алу үшін қаражат сұратады.
Сөйтіп, орталық және жергілікті дерек көздерін пайдалана отырып, «Орал қазақ-орыс әскерлері. Ресей империясының статистикасы мен географиясы материалдары. 2-бөлім, 1866» атты еңбегін жарыққа шығарады.
Еңбегінің 1-бөлімінде Орал қазақ-орыс әскерлерінің құрылу тарихы мен Орал қамалының пайда болған күнінен бастап, 19 ғ-дың ортасына дейінгі уақыт аралығында даму тарихы қарастырылады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>