Рябинина Людмила Ильинична

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рябинина Людмила Ильинична1952 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Автоматшы-жылуэнергияшы мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірген.

Жобалау институтында 1993 жылға дейін жұмыс істеді. Содан кейін «Клише» баспаханасында еңбек етіп, «ЭР және Ромайер» машиналарында жұмыс істеуді үйреніп шығады.

1998 жылдан бастап «Экономика» баспасында еңбек етіп келеді. Ол «Экономика» баспасында полиграфиялық жұмыстың қыр-сырына қанығып, үлкен мектептен өтті. Бүгінде көшірмеші-монтаждаушы болып еңбек етіп жүр. Баспадан шыққан кітаптардың жартысынан көбі Людмиланың қолымен макет жасалып өндіріске жіберіліп отыр. Өз ісіне жанашыр, ақылшы ретінде үлкен мән береді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}