Рымкүл Исатайқызы Бимендина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рымкүл Исатайқызы Бимендина (1942 ж. т.), қобызшы, халық аспаптары дирижері, ҚР еңбек сің. қайраткері (2005). Жаңаарқаның түлегі. Қарағанды муз. училищесін (1964), КарПИ-дін музыка факультетін (1970), Құрманғазы атынд. мемлекеттік консерваторияны бітірген (1984). КарПИ-де оқытушы болған. 1968 ж. Кеңшілердің мәдениет сарайында «Ғасырлар сазы» атты халықтық ұлт-аспаптар оркестрін құрды. Бүкілодақтық, республикалық байқаулардың лауреаты. Қарағандының мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта музыка мектебінін аға оқытушысы. Әкесі Исатайдың, басқа да халық арасындағы сазгерлердің күйлерін нотаға түсірген. Әлкетану жұмысымен айналысып, Республикалық облысы басылымдарға Жаңаарқа өңірінің әйгілі адамдары (Сеңгірбай, Арғымбай, Аралбай батыр батырлар, Қылыш әулие, Итемген, Манамбай, Ханкелді билер) туралы тарихи очерктер жариялады. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2000).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify