Рустам Тимурұлы Қарағойшин
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Рустам Тимурұлы Қарағойшин (6 қыркүйек 1983 жыл, Қазақ КСР) — қазақстандық саясаткер, топ-менеджер, кәсіпкер, 2024 жылдан бастап Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы.
Өмірбаяны
Қарағойшин 1983 жылы туған. Ол Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын Қарағойшин 2004 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бастады, онда жобалық талдау департаментінің менеджері, бас менеджері және басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін «ҚДБ – Лизинг» АҚ Басқарушы директоры — Басқарма мүшесі лауазымына ауыстырылды.
2011—2015 жылдары Қарағойшин «Petroleum Operating» ЖШС мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы, «Credit Systems» ЖШС Басқарма Төрағасы, «Сбербанк Лизинг» ЖШС Бас директорының орынбасары, Бас директоры болып жұмыс істеді.
2015 жылдан 2019 жылғы ақпанға дейін ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы ақпан–мамыр айлары аралығында ол «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС Бас директоры болды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Қарағойшин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, сол уақыт аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2021 жылдан 2024 жылға дейін ол «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС Бас директоры болып қызмет атқарды.
2024 жылғы 9 ақпанда ол Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.<ref>Рустам Қарағойшин «Бәйтерек» холдингінің басшысы болып тағайындалды</ref>
Кәсіпкерлік қызметі
Қарағойшинның аграрлық салада ірі кәсібі бар. Forbes Kazakhstan журналының 2023 жылғы мәліметі бойынша ол «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС, «Ushtobe Et» ЖШС, «QZQ Development» ЖШС, «KTK Group» ЖШС, Kazakh Agro Production компанияларының иесі болған.<ref>Рустам Карагойшин</ref>
Отбасы
Қарағойшин үйленген, жұбайы — Жанар Ғиззатқызы (1982 жылы туған). Дана мен Дамина атты 2 қызы бар.
Әкесі Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында туған, 2016–2021 жылдары және 2024 жылдан бастап — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты «Мемсараптама» мемлекеттік мекемесінің бас директоры.<ref>Карагойшин Тимур Джиенбаевич</ref> Анасы Светлана Қойбағарова (1961 туған).
Әкесінің бауыры Асхат Қарағойшин 1977 жылы туған, 2016—2019 жылдары және 2024 жылдан бастап — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы.<ref>Қарағойшин Асхат Жиенбайұлы</ref>
Бақытжан, Досжан атты 2 інісі мен Амина деген қарындасы бар.<ref>Сведения об аффилированных лицах по состоянию на 01 июля 2025 годаҮлгі:Deadlink</ref>