Руслан Қайыржанұлы Әдиетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әдиетов Руслан Қайыржанұлы - 1974 жылы 3 қазанда Гурьев қаласында туған. Қазақ.

«Қайнар» университетін бітірген (1999), заңгер.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1992 жылдың қыркүйегінен - «Көктем» ЖШС коммерциялық директорының міндеттерін атқарушы тауартанушы. 2000 жылдың қарашасынан - Атырау облысы Исатай аудандық прокурорының көмекшісі м.а., көмекшісі. 2003 жылдың сәуірінен - Атырау қалалық прокуратурасы қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры. 2003 жылдың мамырынан - Атырау қалалық прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры. 2004 жылдың сәуірінен - Атырау қалалық прокурорының көмекшісі. 2004 жылдың қазанынан - Атырау облыстық прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры. 2006 жылдың сәуірінен - Атырау қалалық прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы. 2009 жылдың қаңтарынан - Атырау облыстық прокуратурасы Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. 2009 жылдың сәуірінен - Атырау облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан 2010 жылдың қарашасына дейін - Атырау облыстық Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub