Руслан Тұржанұлы Қуатов
Үлгі:Тұлға Руслан Тұржанұлы Қуатов (22 ақпан 1962, Атырау) — мұнай саласының қазақстандық қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері.
Өмірбаяны
Руслан Тұржанұлы Қуатов 1962 жылдың 22 ақпанында Гурьев қаласында дүниеге келген
Гурьев политехникалық техникумын, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген
1984-1988 жылдары "Гурьевмұнайгазгеология" ӨБ Балықшы ұңғыларды сынау бойынша мұнай-газ барлау экспедициясының операторы, инженері, жетекші инженері
1988-1993 жылдары "Тенізмұнайгаз" ӨБ "Тенізмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғыларды сынау бойынша жетекші инженері
1993-2000 жылдары "Теңізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің жетекші маманы
2000-2004 жылдары "Тенізшевройл" ЖШС-нің өндірісті оңтайландыру бойынша өндірістік тобының жетекшісі
2004-2005 жылдары "Шеврон" корпорациясы (АҚШ) технологиялық қамтамасыз ету бөлімнің кенесшісі
2005-қазіргі уақытқа дейін "Тенізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің менеджері
Марапаттары
2009 жылы Құрмет орденімен марапатталды
2017 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді <ref>https://kaz.zakon.kz/4894305-sh-aza-standy-a-aza-stanny-e-bek-er-ata.html</ref>