Рубёжинское

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан РубёжинскоеБатыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы ауыл, Рубёжин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 81 км жерде, Жайықтың оң жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1689 адам (835 ер адам және 854 әйел адам) болса, 2009 жылы 1649 адамды (823 ер адам және 826 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1482 адамды (737 ер адам және 745 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1959 жылы 16 кәсіптік-техникалық мектептің құрылуына байланысты қаланған. 1997 жылдан Рубежинскоеде және округке қарасты Шолпан ауылында шаруа қожалықтары құрылды.

Ауыл көшелері

  • Абай (Ленин) көшесі
  • Азаттық (Некрасовский переулок) көшесі
  • Ақкент (Подстанция) көшесі
  • Ақсарай (Овражный переулок) көшесі
  • Әлия Молдағұлова (Суворовский переулок) көшесі
  • Бейбітшілік (Мирная) көшесі
  • Береке (Зерновой переулок) көшесі
  • Жайық (Набережная) көшесі
  • Жастар (Молодёжная) көшесі
  • Исатай батыр (Кировский переулок) көшесі
  • Қадыр Мырза Әли (Сельповский переулок) көшесі
  • Құлагер (Уральный переулок) көшесі
  • Махамбет Өтемісұлы (Пугачёвский переулок) көшесі
  • Мәншүк Мәметова (Почтовый переулок) көшесі
  • Овражная көшесі
  • Өркен (Лесной переулок) көшесі
  • Сарайшық (Ситников) көшесі
  • Хиуаз Доспанова (Чапаевский переулок) көшесі
  • Шаңырақ (Садовый переулок) көшесі
  • Шолпан шағын ауданы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бәйтерек ауданы елді мекендері