Ромен Роллан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Romain Rolland 1915.jpg
Ромен Роллан

Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866, Кламси30 желтоқсан 1944, Везле) — француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты (1915).

Өмірбаяны

Шығармашылығы

  • Шығармашылық жолын драматургиядан бастаған Роллан 1897 ж. “Әулие Людовик” драмасын жариялады.
  • Роллан есімін әлемге әйгілі еткен 10 томдық “Жан Кристоф” (1904 — 12) роман-эпопеясы 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мәдениетінің құлдырауын, өкіметтің қатал тәртібіне қарсы күрескен неміс музыкантының экзистенциалды рухани ізденістерін көрсетті.
  • “Кола Брюньон” (1914, жариялануы 1918) повесінде қоғамдағы мәдениет пен өнер тағдырын толғады.
  • “Ғажайып жан” (1922 — 33) романында қоғамнан өз орнын таппаған интеллигенция тағдыры, кейіпкердің күрделі ішкі әлемі бейнеленді.
  • Ганди мен Тагордың дүниеге көзқарастары қызықтырған Роллан “Махатма Ганди” атты кітабын жариялады
  • “Өлім мен махаббат ойындары” (1925)
  • “Робеспьер” (1939) трагедияларын сахнаға шығарды.
  • “Эпикалық топтама” драмаларында қоғамдағы рухсыздыққа, құлдырауға қарсы шықты.
  • Ол Б.Микеланджело (1907), Л.Толстой (1911), М.Ганди (1923), Ш.Пеги (1944), Л.Бетховендер (1928 — 45) туралы трилогия жазды.
  • Ролланның “Жан Кристоф” романы қазақ тіліне ықшамдалып аударылған (1937).<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref><ref>Роллан Р., Собр. соч., т.1 — 14, М., 1954 — 58.</ref><ref>Цвейг С., Р.Роллан. Жизнь и творчество //Собр. соч., т.7. М., 1963</ref><ref>Гильдина З., Р.Роллан и мировая культура, Рига,1966</ref><ref>Балахонов В.Е., Р.Роллан и его время, Л., 1968</ref><ref>Всемирная литература. Энциклопедия ХІХ и XX века, М., 2002.</ref>

Дереккөздер:

<references/>