Роза Жұмабайқызы Қадысова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Роза Жұмабайқызы Қадысова — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2007), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1965 жылы 7 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Северное ауылында туған.

Павлодар педагогикалық училищесін (1985), Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (1991), қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген.

1984-94 жылдары Ертіс ауданы Кайманачиха (қазіргі Иса Байзақов) ауылында орта мектепте мұғалім, оқу және тәрбие ісін ұйымдастырушы, 1994-2000 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, доцент, 2000-01 жылдары тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың басшысы, 2001-04 жылдары проректоры, 2004-12 жылдары ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, Павлодар облыстық мәдениет басқармасының басшысы болды.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазақстанның (1917-1940 жж.) модернизациясының әлеуметтік қалыбы: кеңестік және поскеңестік тарихнама" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монография, 5 оқу құралы, 2 сөздіктің авторы.

Марапаттары

  • ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003-2005);
  • Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011);
  • Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты (2008).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер