Роберт Иванович Аболин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аболин Роберт Иванович (18 мамыр 1886, Рига17 желтоқсан 1942, Шығыс Сібір) — орыс энциклопедияшысы, биология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1934), профессор Санкт-Петербург ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1913).<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Ғылыми-экспедициялық жұмыстары Қазақстан мен Орта Азияның шөлді және таулы аудандарын зерттеуге арналған. Табиғи кешендер ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Жер бетін эпигеосферадан қарапайым географиялық кешендерге дейін бөлу жүйесін алғаш ұсынған (1914). Қазақстанның жеке аудандарының алғашқы ландшафтық карталарын жасаған (1929). Қазақстан мен Орта Азияның әмбебап вегетациялық-темпиратуралық белдеуін алғаш рет негіздеп, оларды табиғи-шаруашылық аймақтарына жіктеген (1929–1933). Бүкілодақтық өсімдіктану институтының Шөл бюросын ұйымдастырып (1932), шөлді аудандарда жүргізілген ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді басқарды (1932–1937), арнаулы шөл станцияларын ұйымдастырды (Шалқар, Орда). Қазақстан ОАК Төралқасының «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған (1934). Оның есімімен Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық аталған (1958).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub