Риязат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Риязат. Сопылар аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу мен жалғыздық , әрдайым пікір мен терең ойлауға үйренген жанның моральдық еркіндікке ұласатындығына сенеді. Нәпсіні тәрбиелеу үшін өзін қиын әрі ауыр істерге зорлайды. Азап шегу, қылуетке түсу Риязаттың, яғни рухани жаттығудың түрлері болып табылады. Хужуири «нәпсіит» оның ұстаған айының адал болуы үшін тәрбиеленуі шарт дейді. Риязат - салиқтың нәпсімен күресуі деген сөз. Риязат арқылы салиқ нәпсінің құлдығынан құтылып, жаман әдеттерден сақтанып өзін-өзі меңгере алады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub