Рихтгофен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рихтгофен, Рихтхофен (Rіcthofen) Фердинанд Пауль Вильгельм [5.5.1833, Польша, Ополь воеводствосы, Карлсруэ (қазіргі Покуй) — 6.10.1905, Берлин] — Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай жерін зерттеген неміс географы, геолог; Пруссия Ғылым Академиясының мүшесі (1899). Берлин географиялық қоғамының президенті (1873 жылдан). Бонн (1875 — 79), Лейпциг (1883 — 86), Берлин (1886) университеттерінің проф. 1860 — 62 жылдары Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияға, 1868 — 72 жылдары Қытай жеріне саяхат жасап, оның табиғаты туралы көлемді материалдар жинады; Қытай жеріндегі лëсс қабатының эолдық (желдің әрекетінен) түзілуі туралы болжамның авторы. Азияның ірі табиғи облыстарындағы жер бедерінің пішіндерін генетик. тұрғыдан жіктеп, геоморфология ғылымының негізін қалады.Рихтгофен атымен Наньшаньдағы тау жотасы аталған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рихтгофен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}