Риолит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Different rocks at Panum Crater.jpg
Риолит тас жиыны
Сурет:Allandale Rhyolite lyttleton new zealand.jpg
:Жаңа Зелландиядағы риолит

Риолит(грекше rhyax — ағын, лава және lіthos — тас), липарит — кремнеземге бай (68 – 71% SіO2) кайнозой типті эффузиялық тау жынысы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

  • Тығыз, сирек кеуекті түйірлері кварцтан, сілтілі дала шпаттарынан, плагиоклаздан, кейде биотит пен пироксеннен тұрады. Кристалданған Риолиттің түсі қызғылт, ақ, сұр немесе сарғыш ақ, порфирленген Р-тің түсі қызыл, сары, қоңырқай болады.
  • Риолиттер Na2O + K2O мөлшеріне қарай аз сілтілі (<7%), қалыпты (7 — 8%), жоғары сілтілі (>8%) болып бөлінеді.
  • Тығыздығы 2,14 — 2,59 г/см3, үгілуге қарсылығы 130 — 180 МПа. Риолит дүниежүзінің жанартаулы аймақтарында кездеседі, магмалық тау жыныстарының құрамдас бөлігі болып есептеледі.
  • Оны қиыршық тастар өндіруде, құрылыста қаптама тастар ретінде қолданады.
  • Синонимі: липарит.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub