Риммель Григорий Ефимович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Риммель Григорий Ефимович1936 жылы Украинаның Киев облысында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1953 жылы Львов қаласының Иван Федоров атындағы полиграфиялық институтына түседі. Аталған институтты тәмамдағаннан кейін 1959 жылы Алматыдағы полиграфкомбинатқа жұмысқа жіберіледі.

Өзінің еңбек жолын офсеттік цех басшысы болып бастаған ол, кейін полиграфкомбинаттың бас инженері қызметін атқарады.

1980 жылы Госкомиздатқа жабдықтандыру басқармасына басшы болып ауыстырылып, құрметті демалысқа шыққанша, осы жерде жұмыс атқарады.

Григорий Ефимович өзіне тапсырылған іске барынша жауапкершілікпен қарайтын, өз ісін жетік білетін білгір маман.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}