Ризвангүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Ризвангүл" - Қ.Қожамияровтың симфониялық поэмасы (1950). Ұйғырдың тұңғыш симфониялық шығармасы (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1951). Алғаш рет 1950 жылы Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі орындады (дирижері Т.Мыңбаев). Поэма Қытай халық әскерінің гоминьданшылармен күресінің оқиғалары негізінде жазылған. Онда жауынгерлерді шабуылға бастап, үрыста мерт болған ұйғыр қызы - Ризвангүлдің патриоттық ерлігі баяндалады. Қаһармандық-драматургия жанрға жататын бүл шығарма - халық зары мен оның өз бостандығы үшін күресте жауды жеңуге деген сенімін паш етеді. 3 бөлімнен тұратын "Дутарымның шектері" атты халық әнінің әуезі алынған. "Ризвангүл" жоғары идеялық мазмұнымен, халық дәстүрі мен еуропалық дәстүрдің сабақтасуымен, әрі ұлттық бояуымен ерекшеленеді.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}