Решат Файызрахманұлы Қожахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Решат Файызрахманұлы Қожахметов 1951 жылы 13 тамызда Апматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Қожахметов Файызрахман Қожахметұлы, марқүм, «Көгалқұрылыс», Автожолдар министрлігінің бастығы болған. Анасы - Ғалымбаева Айша Ғарифқызы, марқұм, Қазақстанның Халық суретшісі , ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Мәскеу сәулет институтының «Қала құрылысы» факультетін бітірген (1976), сәулетші.

Қазақ, орыс және ағылшын (тұрмыстық) тілдерін біледі. Жұмыстары «Ұлы Жібек жолы» көрмесінде (Ташкент , Өзбекстан, 1996); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер байқауында (Исламабад , Пәкстан, 1997); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер көрмесінде (Пекин, Қытай, 1997); Каир Халықаралық керамика биенналесінде (Каир , Мысыр, 1998, 2002); Мәскеу халықаралық салонында (1998); Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост, Австралия, 1999, 2000); «Керамика өнерінің алдыңғы қатары» коллекциясының көрмесінде (Жапония, 2000-2001); Халықаралық керамика көрмесінде (Carouge, Швейцария, 2001); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінде (Загреб , Хорватия, 2003); 23-ші Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост , Австралия, 2004); 5-ші Cheongju International Craft Competition (Корея, 2007); Халықаралық қазіргі заман өнері кермесінде (Нью-Йорк , Icosahedron галереясы, шілде, 2008); European Prize for Applied Arts халықаралық кермесінде, Mons (Бельгия, 2009, 2010) қойылған. Алматы қаласының түрлі галереяларында 7 жеке көрмесін өткізген. Туындылары Ұлттық Қазіргі заманғы өнер орталығында (Каир , Египет); Shigaraki Керамика мәдениет паркінің қорында (Жапония); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қойылған.

1976 жылдан «Қазжолжоба» жобалау институтының жетекші сәулетшісі. 1978 жылдан ҚазКСР Көркемсурет қоры «Өнер» керкемсурет комбинатының сәулетші-дизайнері, суретші-монументшісі.

1990 жылдан тек заманауи керамика бағытында ғана жұмыс істейді.

2000 жылы 3 айдың ішінде Халықаралық керамика орталығында жұмыс істеген (Shigaraki Ceramic Cultural Park, Жапония). 2009 жылы 2 айдың ішінде A.I.R.-да (Artist International Residence) Vallauris жұмыс істеп, кейіннен Aqui Siam Ben галереясында (Франция) көрмесін өткізген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан), World Crafts Council-Europe мүшесі (1997 жылдан). Халықаралық декоративті және қолданбалы өнер байқауының керамика саласындағы 1-ші жүлдесінің иегері (Исламабад , Пәкстан, 1997). 4-ші Каир Халықаралық керамика биенналесінің медалімен және дипломымен (Каир ,Египет, 1998); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінің күміс медалімен (Загреб , Хорватия, 2003) марапатталған.

Әскери атағы - аға лейтенант.

Діни көзқарасы - агностик.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан демократиялық ел атағына тән келетін барлық атрибуттарған ие, осы сездің толық мағынасындағы демократия еліне айналатындығына үміттенемін».

Хоббиі - саяхат жасау, кітап оқу, компьютер.

Сүйіп оқитын әдебиеті - И. Ильф және Е. Петров, О. Генри, А.П. Чехов, П. Аксенов. Үйленген. Жұбайы - Қожахметова Ирина Оскаровна, қыш бұйымдарын жасаушы. Ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub