Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Діни ұйым Ресей мұсылмандары діни басқармасы — 1994 жылы Мәскейде құрылған орталықтадырылған діни ұйым. Құрылған уақытынан бері бас мүфти - Равиль Гайнутдин.

Құрылы тарихы

Ресейдің Орталық Еуропа аймағындағы мұсылмандары діни басқармасы ретінде құрылды.

1998 жылы 9 желтоқсандағы съезде атауы Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқармасы болып өзгертілді.

2009 жылдың 23 қыркүйегіндегі ЕРМДБ съезінің мәліметі бойынша осы ұйым құрамына 37 аймақтан 367 жергілікті және орталықтандырылған мұсылмандардың діни ұйымдары кіреді. ЕРМДБ-нің ЖМДҰ-дармен жұмыс жасау бөлімінің деректеріне сәйкес Орталық, Орал, Оңтүстік, Солтүстік-Батыс, Приволжье федералды округтеріндегі 400-дей діни ұйым ЕРМДБ-нің заңды құзырына жатады.

Басшылығы

ЕРМДБ резиденциясы Мәскеу собрлы мешітінде орналасқан. Шешім қабылдайтын Жоғарғы органы болып Маджлис табылады. Маджлис — ЕРМДБ құрамындағы діни делегаттарының және мұсылмандардың діни басқармаларының қауымының съезі. ЕРМДБтің тікелей қызметін Президиум және төраға басқарады. Ұйым төрағасы жарғыға сәйкес әрбір бес жыл сайын сайланады.

Құрылымы

ЕРМДБ құрылымы: Аппарат (Ішкі істер департаменті, Білім және ғылым департаменті), ЕРМДБ іс басқармасы, Құрылыс және сәулет бөлімі, хаттамалық бөлім, ЕРМДБ хатшылығы, ЕРМДБ баспасөз қызметі.

ЖОО

ЕРМДБ құзырында бірнеше орта және жоғары оқу орындары бар: Мәскеу Ислам Университеті, (ректоры — Марат Муртазин), Х. Фаизханов атындағы Нижний Новгород Ислам университеті (ректоры — Дамир Мухетдинов), Мәскеу соборлы мешіті жанындағы бастауыш медресе (директоры — Джафар Файзрахманов), Мәскеу Ислам колледжі, ( директор м. а. — Ислам Зарипов), Мәскеу тарихи мешіті жанындағы бастауыш медресе (Директоры — мәскеу тарихи мешітінің имам-хатыбы Хасан Фахретдинов), шейх Абдулджалил Биккинин атындағы Нижний Новгород Ислам медресесі (директоры — Ренат Ислямов).

Орынбасарлары

Төраға орынбасарлары: бірінші орынбасарлар — Дамир Гизатуллин, Дамир Мухетдинов, орынбасарлар — Рафик Фаттахетдинов. Мәскеу соборлы мешітінің имамы, Мәскеудің имам-мухтасибі — Ильдар Аляутдинов.

Баспа органдары

Ресми баспа органы — Бүкілресейлік мұсылмандар газеті «Ислам минбаре» (бас редактор — т.ғ.к. Дамир Хайретдинов ) 1994 жылдан бері жарыққа шығады.

Марапатттары

РМДБ марапаты - «Рухани бірігу» медалі

Түсініктемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Ресми сайт