Рентгендік спектроскопия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рентгендік спектроскопия<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> — рентген сәулелерін шығару және жұтылу спектрлерін алу және оларды атомдардың, молекулалардың, сондай-ақ қатты денелердің электрондық энергет. құрылымын зерттеуге қолдану. Рентгендік спектроскопияға рентген электрондық спектроскопия да жатады. Рентгендік шығару спектрлері нысана ретінде алынып, зерттелетін затты рентген түтігінде үдей қозғалған электрондармен (бірінші реттік спектрлер) соққылау арқылы алынады. Шығару спектрлері рентгендік спектрометрде тіркеледі. Олар сәуле шығару қарқындылығының рентген фотондарының энергиясына тәуелділігі бойынша зерттеледі. Зерттелетін заттың жұқа қабаты арқылы ені жіңішке тежеулік сәуле спектрінің өтуі кезінде рентгендік жұтылу спектрлері түзіледі. Рентгендік шығару спектрлерін зерттеу арқылы валенттік электрондар күйлері тығыздығының, ал рентгендік жұтылу спектрлерін зерттеу арқылы еркін электрондық күйлері тығыздығының энергет. таралуы жайлы деректер алынады. Рентген-электрон. спектроскопия хим. талдауда және атомдардың ішкі деңгейлерінің энергиясын, сондай-ақ хим. қосылыстардағы атомдардың валенттілік күйлерін анықтау үшін де қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рентгендік спектроскопия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}