Рената Сералиқызы Қожамқұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рената Сералиқызы Қожамқұлова (6. 07. 1935 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1967), доцент. ҚазМУ-ды бітірген. Қаз КСР ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, ҚазМУ-дың орыс тілі кафедрасында оқытушы. Қазір аталмыш оқу орнында доцент. Профессор Х.М.Сайкиевтің жетекшілігімен "Орыс тіліндегі түбір алды қосымшалардың қазақ тіліндегі эквиваленті" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Орыс тілінің сөз жасауда қазақ тіліне тигізетін әсері мәселесімен шұғылданып жүр. Бірнеше ғылыми мақала жариялады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}