Ректификаттау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ректификаттау<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref>, ректификация (лат. rectіfіcatіo — түзету, дұрыстау) — көп компонентті сұйықтық қоспасын жекеленген компонеттерге бөлу процесі. Ректификаттау процесі диффузия және тепе-теңдіктің сақталу заңдарымен басқарылады; Ректификаттау арнайы қондырғылар — ректификац. колонналарда жүргізіледі. Биікт. 14 м ректификац. колоннада қысым мен температураны қоспаның түріне байланысты өзгерте отырып, іске асырылады. Ректификаттау арқылы металл балқымалары, ауа, этан-пропилен, жоғары май қышқылы, мұнай, т.б. қоспаларды бөлу орындалады.
Дереккөздер
<references/>