Рақым Тұрғанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рақым Тұрғанұлы (1913, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ұласты ауылы - 1990, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылы) - ауыз әдебиетін жинаушы, ақын, жыршы.

1931 жылы ашаршылық кезінде елмен бірге Қытайға ауады. 1961 жылы ата-мекенге қайта оралып, "Белтерек" ұжымшарында ұзақ жыл еңбек еткен. Бала жасынан өз жанынан өлең шығарып, батырлық және ғашықтық жырларды, қисса-дастандарды жаттап өседі. Өлеңін де, әуенін де өзі шығарған "Комсомол" әні Тарбағатай өңірі жастары арасында кеңінен белгілі болған. Рақымның айтуынан жазып алынған "Түсіпхан қиссасы", халық ақыны Әрінжан Жанұзақұлының бір топ өлеңдері мен жұмбақ мәтелдер және өзінің өлеңдері Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}