Рашит Қайыржанұлы Әкімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Рашит Қайыржанұлы Әкімов (1954 жылы 15 наурызда Павлодар облысы Ертіс ауданының Үлгілі ауылы) - Ветеринария ғылымдарының кандидаты (1988).

Әкесі - Әкімов Қайыржан, марқұм. Анасы - Әкімова Кәрима, марқұм.

  • Целиноград ауылшаруашылық институтының ветеринарлық медицина факультетін (1980), ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша; Витебск ветеринарлық институтының аспирантурасын (1986); «Фемида» Заң академиясының заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қозылар өкпесінің су алуының аэрозолетерапиясы және аэрозольпрофилактикасы». «Қазақ ақбасты қой тұқымы: жетілдірудің қорытындылары және перспективалары» монографиясының (2000); 14 ғылыми мақаланың тең авторы.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
  • 1970 жылдан - Павлодар облысы Ертіс ауданының «Беловодский» кеңшарында түрлі жұмыстарды атқарушы. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1980 жылдан - Целиноград ауданы Интернациональное ауылындағы ЦАШИ оқу шаруашылығының аға мал дәрігері. 1983 жылдан - Витебск ветеринарлық институтының аспиранты. 1987 жылдан - ЦАШИ ветеринарлық факультетінің ассистенті. 1989 жылдан - Целиноград ауданының Интернациональноө ауылындағы ЦАШИ оқу шаруашылығының бас мал дәрігері, директордың орынбасары. 1993 жылдан - Целиноград қаласындағы Целиноград аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994 жылдан - Целиноград ауданы Рождественка ауылындағы «Нұра» АҚ басқарма төрағасы. 1997 жылдан - Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі. 1999 жылдан - Ақмола облысы Щучинск ауданының әкімі. 2004 жылдан - Көкшетау қаласының әкімі. 2007 жылдан бері - Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі.
  • «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
  • Әскери атағы - запастағы подполковник.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жағымды».
  • Үйленген. Жұбайы - Әкімова Раушан Садықбекқызы (1957 ж. т.), үй шаруасында. Қыздары - Әкімова Шынар (1979 ж. т.), Әкімова Гүлнәр (1982 ж. т.), Әкімова Назгүл (1990 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub