Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (28 қаңтар 1955, Шымкент) — қазақстандық мемлекеттік қайракткер, бас прокурор (2000—2009), әділет министрі (2009—2012), қаржы полициясы (2012—2014), 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан<ref>Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014</ref>.
- 1962 жылы Қарағанды қаласында тұрды, 1976 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді.
- Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
- 1976 жылы тамыздан — 1981 жылы әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады.
- Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
- 1984—1993 жжылы Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды.
- 1993—1999 жжылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
- 1999 жылы сәуір айынан Қазақстан Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
- 2000 жылы қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
- 2000 жылы желтоқсанның 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
- 2005 жылы желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
- 2009 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
- 2012 жылы қаңтардың 21-інен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.
- 2014 жылғы тамыздың 11-інен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң төрағасы.
- 2015 жылғы 26 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Қосымша лауазымдар
- «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы
Марапаттары
Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін
- 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
- Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатын алған.
Шендері
- Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Түсіпбекова Күләш Аташқызы (1955 жылы туған).
- Ұлдары:
- Жанат Түсіпбеков (1977 жылы туған) - «Біріккен химиялық компаниясының» директорлар кеңесінің төрағасы (2021-2022), «KMG International N.V. Group» бас директоры (2012-2019), «ҚазМұнайГаз компаниясының» сыртқы өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры (2013-2016), «ҚазМұнайГаз компаниясы» төрағасының кеңесшісі (ақпан 2012-мамыр 2012), «ҚазМұнайГаз компаниясының» төрағасы (2011-2012), «ҚазМұнайГаз Өнімдері» төрағасы (2009-2011). Әйелі Жанна Төлеутайқызы Түсіпбекова.
- Балалары: Жәңгір (2000 жылы туған), Нұржан (2002 жылы туған), Балнұрдін (2006 жылы туған), Самат (2014 жылы туған)
- Түсіпбеков Мұрат (1980 жылы туған), Түсіпбеков Замир (1985 жылы туған), Төлеутай Нұраби (1991 жылы туған).
Дереккөздер
Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары
Санат:
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан әділет министрлері
- Қазақстан Бас Прокурорлары
- Қазақстан судьялары
- Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Барыс орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- 2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері