Рашид Мәжитұлы Аманжулов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Рашид Мәжитұлы Аманжулов - 1979 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Іле ауданының, Қараой ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Аманжолов Мәжит Сағадатұлы, зейнеткер. Анасы - Пішенбаева Гауһар Қалымғожақызы, зейнеткер.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (2002) инженермеханик мамандығы бойынша; Орталық Азия университетін (2005) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2003 жылдан - Алматы қалалық әкімдігі Шағын бизнес департаментінің жетекші маманы. 2005 жылдан - Алматы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы. 2006 жылдан - Алматы қаласы әкімінің аппаратында бас маман, ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Астана қаласы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары.

2009 жылдың қазанынан бері - Астана қалалық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008), мемлекеттік қызметті қалыптастыру мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталған (2008).

Хоббиі - кітап оқу, спорт.

Сүйіп оқитын әдебиеті - фантастика.

Үйленген. Жұбайы - Қалымова Альмира Мұхаммедқызы (1980 ж.т.). Қызы - Аманжолова Ләйлә Рашидқызы (2007 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рашид Мәжитұлы Аманжулов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}