Рашида Тәуекелқызы Қасымова
Үлгі:Ғалым Рашида Тәуекелқызы Қасымова — педагогика ғылымының докторы (2005), профессор (2008), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2007).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1951 жылы 20 қазанда Ресей, Омбы облысы, Ново-Варшавский ауданы, Алакөл селосында туған.
ҚазПИ-ді (1973, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және аспирантурасын (1991) бітірген.
Павлодар қаласындағы орта мектептерде мұғалім (1973-79), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқытушы (1980-83, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті), Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде лаборант, оқытушы, аға оқытушы, доцент (1985-99, 2003-05), ҚР Жоғары аттестациялық комитетінде бас маман (1999-2001, 2003-04), Еуразия ұлттық университетінде доцент (2001-03) қызметтерін атқарған, 2005 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессор, 2015 жылданн бастап Қазақ ұлттық университетінде орыс филология және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Тезаурусно-ориентированная технология формирования русской лексической компетенции учащихся начальных классов в школах с казахским языком обучения" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>