Рахым Сәрсенбин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рахым Сәрсенбин (5.1.1891. қазіргі Алматы облысы Іле ауданы - 2.6. 1972, Алматы) - сән және қолданбалы өнер шебері, педагог, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі (1958). 1938 - 40 ж. қазіргі КдзҰПУ-да оқыды. Алматы облысының Қарасай ауданындағы кэзақ орта мектебінде мүғалім (1940 - 58) болған. Ол көптеген әсем ою-өрнек жасаған. Алматы қаласындағы жазушы-ғалым М.Әуезовтің мұражай-үйінің (1960) қабыргасы мен есік-терезе жактауларын әшекейлеп безендірген. Оның оюөрнек үлгілерін кезінде қалалар мен ауылдардағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қабырғаларын әшекейлеуге, мата, кілем току фабриқаларында кеңінен пайдаланған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала