Рахымжан Сайлауұлы Нұрсейітов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рахымжан Сайлауұлы Нұрсейітов - 1972 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туған<ref>Нурсеитов Рахимжан Сайлауович. zakon.kz</ref>. Қазақ. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1994) бітірген, мамандығы - «Бухгалтерлік есеп және аудит, экономист».

1989 жылдан - Қызылорда қаласы «Қызылорда мелиорация» ТСЭЖ Тасбегет автомобиль базасының ұста шәкірті.

1994 жылдан - «Сырдария» газеті баспасының экономист-бухгалтері; ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасының Тасбегет ЕКО экономисі.

1995 жылдан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының қазынашысы, аға, бас қазынашысы.

1997 жылдың ақпанынан - Бюджет банкінің Қызылорда облыстық басқармасы операциялық басқармасының бастығы.

1997 жылдың желтоқсанынан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы операциялық бөлімінің бастығы.

2000 жылдың наурызынан - Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы жергілікті бюджетке қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

2000 жылдың қарашасынан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2004 жылдың наурызынан - Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2004 жылдың шілдесінен - Алматы облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы.

2004 жылдың желтоқсанынан - Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.

2009 жылдың шілдесінен бері - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдармен; ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазынашылық қызметінің үздігі (2009).

Үйленген. Жұбайы - Қамитбекова Жанар Үбайдоллақызы. Қыздары - Ақжан, Балжан, Нұрбақыт.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify